Профилактика – басым бағыт: Жетісу облысы Полиция департаментінде жаңа заң нормалары түсіндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

етісу облысы Полиция департаментінде жеке құраммен Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 2 наурыздан бастап күшіне енетін «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» Заңының ережелерін түсіндіру бойынша оқу сабағы өткізілді. Кездесу қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жаңартылған құқықтық тетіктерді іс жүзінде іске асыруға дайындықтың маңызды кезеңіне айналды.

Сабақ барысында құқық бұзушылықтардың алдын алуға, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуге және ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған негізгі жаңашылдықтар жан-жақты қарастырылды. Атап өтілгендей, жаңа заң бұрын қолданыста болған бес нормативтік құқықтық актіні біріктіріп, профилактиканың бірыңғай әрі жүйелі моделін қалыптастырды.

Сонымен қатар «қоғамға жат мінез-құлық» ұғымын енгізу, профилактика субъектілерінің аясын кеңейту және мемлекеттік органдар қызметіндегі талдамалық құрамды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерте кезеңде басымдық беру, тәуекел факторларын анықтау және халықтың осал санаттарымен нысаналы жұмыс жүргізу қажеттігі атап өтілді.

Кездесу барысында:
«Профилактика – бұл формалды рәсім емес, заңдылықты қамтамасыз етудің стратегиялық құралы. Құқық бұзушылықтың алғышарттары неғұрлым ерте анықталса, мемлекет азаматтардың құқықтарын соғұрлым тиімді қорғайды және қоғамдық тәртіпті нығайтады», – деп атап өтілді.

Сабақ соңында жаңа заң нормаларын іске асыру профилактикалық қызметтің нәтижелілігін арттыруға, қылмыс деңгейін төмендетуге және қоғамның құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтуға мүмкіндік беретіні айтылды.

#законипорядок #заңментәртіп

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1167146?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді