КЕНТАУДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кентау қаласында “Таза Қазақстан” тазалық шарасы аясында қала және қалаға қарасты ауылдарда санитарлық – тазалық жұмыстары жүргізілді.

Қала көлемінде жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, қала аумағындағы көшелердің, жол жиектерінің, қоғамдық орындардың, арықтардың күл-қоқыстары тазаланды. Саябақтар мен аллеялардағы орындар әрленіп, субұрқақтарды қалыпқа келтіру жұмыстары атқарылды.

Сондай-ақ, мектептер мен балабақшаларда, яғни барлық әлеуметтік нысандарда сенбілік өткізілді.Тазалық жұмыстарына 400-ге жуық адам, 12 техника жұмылдырылып, 30 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/965648?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді