
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың табысты шетелдік тәжірибесіне негізделген озық тәжірибелер мен стандарттар тұрақты негізде зерделенеді.
Ағымдағы жылғы 26-28 наурыз аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің делегациясы ЭЫДҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және парасаттылықты арттыру мәселелері жөніндегі жаһандық форумына, сондай-ақ ЭЫДҰ-ның Жария парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысты (Париж қ.).
Форум жемқорлыққа қарсы саясат саласындағы өзекті үрдістер мен сын-қатерлерді талқылау үшін әлемнің 90-нан астам елінің сарапшыларын біріктіретін негізгі халықаралық алаң болып табылады.
Іс-шарада жасанды интеллект және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үлкен деректерді талдау сияқты заманауи технологияларды қолдану мәселелері талқыланды.
Форум аясында Агенттік Төрағасы Асхат Жұмағалидің ЭЫДҰ Қаржы және кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі директоратының – сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларға жетекшілік ететін бөлімшенің өкілдерімен екіжақты кездесуі өтті.
Келіссөздер барысында Қазақстанның ЭЫДҰ-ның парақорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыс тобына кіру, сондай-ақ халықаралық коммерциялық мәмілелерде шетелдік лауазымды тұлғалардың пара алуына қарсы күрес жөніндегі ЭЫДҰ конвенциясына қосылу перспективалары талқыланды.
Осы бастамаларға қосылу халықаралық ынтымақтастықты, шет елдердің құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды кеңейтуге, адамдарды экстрадициялау және заңсыз активтерді қайтару тетіктерін күшейтуге мүмкіндік береді.
Қазақстанның форум жұмысына белсенді қатысуы және ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтылуы елдің парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық стандарттарына дәйекті міндеттемелігін растайды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/press/news/details/965675?lang=kk

Жауап қалдыру