ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА 84 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
✔️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықты баспанамен қамту бағытында Түркістан облысында жүйелі шаралар қабылдануда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауымен өңірде мемлекеттік бағдарламалар аясында тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.
✔️Бүгін Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекенінде жаңадан бой көтерген Самал мөлтекауданынан 3 қабатты тұрғын үйлер пайдалануға тапсырылды. Кезекте тұрған 84 отбасына пәтер кілттері табысталып, қоныстойы тойланды.
✔️Іс-шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Азат Оралбаев тұрғындарға жылы лебізін жеткізіп, пәтер кілттерін табыс етті.
📌– Қасиетті Рамазан айында игілікті жаңалықтар болып жатыр. Мемлекет басшысы тапсырмасымен, облыс басшылығының қолдауымен бүгін өздеріңізге баспана беріп, қуаныш сыйлаудың сәті түсіп отыр. Қоныс құтты болсын! – деді аудан әкімі.
✔️Салтанатты шараға облыстық мәслихаттың депутаттары Ғани Райымбеков, Дулат Әбіш, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Құрманбекұлы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостан Бөпешбайұлы қатысып, құттықтауларын жеткізді.
✔️«Бүгін біз үшін аса қуанышты күн. Жылдар бойғы арманымыз орындалып, өз баспанамазға қол жеткіздік. Үй кезегінде тұрған барлық азаматтарға осындай қуаныш тілейміз», деген жаңа пәтер иелері алғыстарын білдірді.
✔️Осы күні тұрғындар тұрғын үйдің ауласында көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, ағаштар отырғызды.
✔️Жалпы Ордабасы ауданы бойынша тұрғын үй кезегінде 2803 азамат тіркелген. Кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамту мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/965700?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді