Қол күресінен аймақтық турнир өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мырзатай ауылдық округі әкімі кубогі үшін қол күресінен аймақтық турнир ұйымдастырылды. Спорттық шараға жалпы саны 25 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарыс ауыл жастарын спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында өткізілді.

Турнирдің ашылу салтанатында ауылдық округ ақсақалдар кеңесінің мүшесі Қисықов Сембек сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде жастарды қайсарлық пен табандылыққа тәрбиелейтін спорттың маңызын атап өтті.

Көпті көрген қариялар ел тағдыры сынға түсетін 15 наурыздағы референдумның маңыздылығын атап өтіп, оң өзгерістерге қолдау білдірді.уыл қариялары барша аудан тұрғындарын бейжай қалмауға шақырды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, әрбір аудан тұрғындары өз таңдауын жасап, мемлекетіміздің жаңа белесіне жол ашуы тиіс екендігі айтылды.

Жарыс екі жас санаты бойынша өтті: 18 жастан жоғары және 15 жастан жоғары спортшылар арасында. Қатысушылар тартысты белдесулер өткізіп, күш пен жігерлерін көрсетті.

18 жастан жоғары санат бойынша І орынды – Зарбин Нұрбақыт, ІІ орынды – Дауытбай Дамир, ІІІ орынды – Үшкемпіров Ринат иеленді.

15 жастан жоғары санат бойынша І орынға – Алмазұлы Мансұр, ІІ орынға – Тілен Дулат, ІІІ орынға – Асқарбек Алишер ие болды.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері ауылдық округ әкімі тарапынан дайындалған кубок, Диплом және медальдармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1166799?lang=kk