Закиева Динара Болатовна, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Конституция жобасына сәйкес – балаларды тәрбиелеу, оларға қамқорлық жасау ата-ананың басты құқығы және міндеті болып табылады. Яғни, ата-аналардың басты құқығы бар. Ал мемлекет балалардың құқығын қамтамасыз етіп, қауіпті жағдайларда немесе балалардың құқығы бұзылған жағдайларда араласады.

Мысалы, қазіргі таңда әлеуметтік салада мемлекет балалардың құқығын қамтамасыз етіп, отбасыларға қолдау және көмек көрсетеді. Осы бағытта қазіргі таңда елімізде түрлі 49 қызмет бар және 15 түрлі жәрдемақы көзделген.

Сонымен қатар, қабылданған заңдарға сәйкес барлық өңірлерде, әр ауданда отбасыны қолдау орталықтары ашылды, мобильдік топтар құрылды. Бұл мобильдік топтар былтыр 13 мың қиын жағдайда тұратын отбасыларды анықтап, отбасылық орталықтарға сүйемелдеуге қабылданды»

t.me/kisi_kz/4192 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1166792?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді