
Тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында 2025 жылғы 28 наурызда Науырзым аудандық мемлекеттік архивтің архивистерімен «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың кәшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша «Қызмет алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет» атты акция өткізілді.
Архивистермен «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың кәшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша парақша құрастырылып, басып шығарылған парақшалар үлестірілді. Аталған парақшаларда осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қызмет алушылар қызмет берушілерге қалай өтініш білдіретінін, оны қалай алуға болады, сонымен қатар веб-портал және ХҚКО арқылы алуға болатыны туралы ақпарат берілді.
Қызмет алушыларға өтініш білдірген кезде қандай құжаттар қажет және мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі туралы ақпарат берілді.
Акция Қараменді селосының тұрғындарының арасында өткізілді. Нақты өңірдің 17 тұрғыны акциямен қамтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-naurzum-audany-akimat/press/news/details/965839?lang=kk

Жауап қалдыру