2026 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №156 Жарлығымен бекітілген Ереженің 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтау, оның ішінде құқық бұзушылықтардың профилактикасы бағытындағы жұмысының қорытындылары қаралды.

Отырыс барысында мемлекеттік қызметшілер арасында құмар ойындарға тәуелділіктің (лудоманияның) алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды. Талқылауға Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Айдын Маратович Нугманов қатысты.

Лудомания – әлеуметтік, кәсіби және отбасылық салаларға елеулі әсер ететін мінез-құлықтық тәуелділік. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жіктемесіне сәйкес, бұл – құмар ойындарға патологиялық тартылыс. Денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, аталған бұзылыс медициналық ұйымдарға жүгінген кезде диагноз қойылатын тәуелділік түріне жатады.

Мемлекеттік қызметшілер арасында құмар ойындарға тәуелділіктің таралуы мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігі мен беделіне теріс ықпал етуі мүмкін. Атап айтқанда:

  • қызметтік міндеттерді тиісінше орындау деңгейінің төмендеуі;

  • мүдделер қақтығысы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің артуы;

  • психологиялық және қаржылық қиындықтардың туындауы.

Отырыс барысында лудоманияның негізгі себептері ретінде жоғары кәсіби жүктеме мен стресс, құмар ойындардың қолжетімділігі, сондай-ақ әлеуметтік орта ықпалы аталды.

Салдарлары қатарында:

  • еңбек өнімділігінің төмендеуі;

  • қаржылық тұрақсыздық пен берешектердің пайда болуы;

  • психоэмоционалдық жағдайдың нашарлауы көрсетілді.

Алдын алу шаралары ретінде:

  • мемлекеттік қызметшілер арасында тұрақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

  • семинарлар мен профилактикалық кездесулер ұйымдастыру;

  • интернет-ресурстарды мониторингтеу;

  • қызметтік әдеп талаптарын сақтау бойынша бақылауды күшейту;

  • консультациялық және психологиялық көмек көрсету тетіктерін дамыту ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қарашадағы №396 Жарлығына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарына ойын мекемелеріне барудан тартыну туралы норма енгізілгені атап өтілді.

Қорытындылай келе, Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік қызметшілер арасында лудоманияның алдын алу бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Мемлекеттік органдардың үйлесімді іс-қимылы, ақпараттық-ағартушылық шаралар және қолдау тетіктерін дамыту арқылы тәуелділіктің алдын алу және мемлекеттік қызметтің жоғары кәсіби әрі әдепті стандарттарын қамтамасыз ету міндеті қойылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-almaty-oblast/press/news/details/1168043?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді