
Қызылорда қаласында Департамент бастамасымен Қоғамдық кеңес жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті.
Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басқарма басшысы О.Мырзағалиев, аталған салалық комиссия төрағасының міндетін атқарушы, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Қызылорда облысы бойынша филиал басшысы Ә.Шаймағанбетов, комиссия мүшелері және жергілікті атқарушы органдарының өкілдері қатысты.
Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басқарма басшысы О.Мырзағалиев қала тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау, құрылысы ұзаққа созылған нысандарға қатысты жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша баяндама жасады.
Сонымен қатар аталған салалар бойынша туындаған мәселелер талқылана отыра, сыртқы талдау мен мониторинг нәтижесімен анықталған кемшіліктерді жою бойынша жергілікті атқарушы органдарға бірқатар ұсынымдар берілді.
Алдағы уақытта Департаментпен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлескен жұмыс жалғасатын болады.
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-kyzylorda/press/news/details/965879?lang=kk

Жауап қалдыру