Аудандық мәслихаттың көпшілік тыңдаулары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудандық мәслихаттың көпшілік тыңдаулары

Ағымдағы жылдың 23 ақпанында Қамысты аудандық мәслихатының көпшілік  тыңдаулары аралас форматта (ZOOM платформасында онлайн және офлайн) өтті. Отырысты Қамысты аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының төрағасы Серікбаев Данат Сапарұлы жүргізді.

Көпшілік  тыңдауға аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, Қамысты ауданы қоғамдық кеңесінің мүшелері, аудандағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, Қамысты ауылының тұрғындары, БАҚ өкілі қатысты.

Күн тәртібінде «Қамысты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін бәсекелес ортаға беру туралы» мәселе қаралды.

Осы мәселе бойынша негізгі баяндама мен ақпаратты:

«Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы – Сәуле Салыққызы Сармурзина;

«Қамысты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары – Нұрлан Мұрәліұлы Райымбеков ұсынды.

Баяндамашылардың ақпаратын тыңдау және егжей-тегжейлі талқылау қорытындысы бойынша және көпшілік  тыңдауға қатысушылардан түскен ұсыныстарды ескере отырып, келісілген  шешім қабылданды: «Қамысты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бәсекелес ортаға берілмейді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kamysti/press/news/details/1168041?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді