
Новодолинский кентінде кентіміздің аға буыны өздерінің бос уақытын мәдени түрде өткізуге мүмкіндік беретін Белсенді ұзақ өмір сүру клубы өз жұмысын жалғастыруда. Кезекті кездесу жұмысшы мамандықтар жылына арналған іс – шаралар жоспары аясында өткізілді. Өздеріңіз білетіндей, 2025 жыл ҚР Президентінің Жарлығымен жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Кездесу тақырыбы «Барлық мамандықтар маңызды» деп аталды.
Клубтың шақыруымен кездесу қонақтары болып түрлі мамандық иелері – құрылысшылар, кеншілер, сатушылар, аспаздар және басқа да көптеген еңбекші мамандық өкілдері болды, олар күнделікті еңбектерімен кентіміздің экономикасы мен дамуына өз үлестерін қосты. Бүгінгі таңда жұмысшы мамандықтарға деген құрметті қайта жаңғырту өте маңызды, себебі еңбек адамзаттың өмірі мен дамуының маңызды негіздерінің бірі болған, болып келеді және болашақта да солай болады. Кездесу қатысушылары қойылған блиц-сұрақтарды жылы қабылдады, оның нәтижесінде әрбір қонақтың еңбек жолы туралы қызықты деректер белгілі болды, кезінде еңбек – ар-намыс пен қадір-қасиеттің, мақтаныш пен құрметтің символы болған.
Кездесу қатысушыларын дуэт «Нежность» және ансамбль «Ивушки», Ирина Артемьева, Наталья Курц, Римма Гетц, Виктор Шарипов, Азат Шаяхметов, Ольга Цветкова өздерінің тамаша музыкалық нөмірлермен қуантып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге ардагерлер кеңесі, қоғамдық келісім кеңесі, мәдениет үйі, Жастар ресурстық орталығы, кент әкімінің аппараты қатысты. Кенттің ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.М. Куцайға, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы И.К. Артемьеваға, кенттің Мәдениет үйінің басшысы мен мамандарына, сондай-ақ кездесудің барлық қатысушыларына тамаша іс-шара үшін шексіз ризашылығымызды білдіреміз.
«Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/novodolinskiy-shahtinsk/press/news/details/965905?lang=kk

Жауап қалдыру