
Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтарына кеңінен тоқталып, ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұны мен маңызын жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар алдағы референдумның ел болашағы үшін айрықша маңызы бар екені атап өтіліп, әрбір азаматтың белсенді қатысуы – ортақ жауапкершілік екендігі айтылды.
Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі толық жауаптар беріліп, ашық пікір алмасу ұйымдастырылды. Кездесу барысында ұсыныстар мен ой-пікірлер тыңдалып, мазмұнды әрі конструктивті диалог өрбіді.
Кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, нәтижелі өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1168030?lang=kk

Жауап қалдыру