Маңғыстау облысының Әділет департаменті құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтардың құқықтық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📌Маңғыстау облысының Әділет департаменті құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтардың құқықтық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.

 

🖇️Осы орайда, Департаменттің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Назгүл Көңілқос «Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг» университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерімен кездесу өткізіп, жаңа Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасына қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізді.

 

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмаларының маңыздылығы, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қолға алынған реформалардың мәні кеңінен талқыланды. Студенттерге конституциялық өзгерістердің құқықтық мемлекет қалыптастырудағы рөлі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы жаңашыл бастамалар жан-жақты түсіндірілді.

 

📍Аталған шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық көмекке қолжетімділігін арттыру, болашақ заңгерлердің кәсіби құқықтық санасын қалыптастыру және құқықтық мәдениетті нығайту. Бұл бағытта Әділет департаменті құқықтық ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етіп, халыққа сапалы заңгерлік қызметтің қолжетімді болуына жағдай жасау бойынша нақты шаралар қабылдауда.

 

Құқықтық мемлекет – әр азаматтың заң алдындағы теңдігі мен құқықтарының қорғалуынан басталады. Осы бағыттағы түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1168026?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді