
Алматы облыстық сәулет және қалақұрылыс басқармасының басшысы Б. Мусылманбековтің төрағылығымен Басқарма қызметкердеріне және ЖШС ««Almaty region master plan»» маманы М. Есентаевтың қатысуымен Алматы облысы әкімдігінің 2026 жылдың 12 ақпанда өткізілген Алматы облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясы отырысының хаттамасындағы тапсырмалар орындау бойынша жиналыс өтті.
Басқарма басшысы жиналыста ҚР-дағы Комплаенс-офицері жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, ішкі рәсімдер мен этикалық нормаларды сақтауын қамтамасыз етеді, құқықтық және сыбайлас тәуекелдерді барынша азайтуда шешуші рөл атқарады. Сонымен қатар, ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы бойынша жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу саласында ол мүдделер қақтығысы, әділ емес бәсекелестік және бағаны негізсіз көтеру сияқты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу бойынша жұмыстар жүргізетіндігін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-saulet/press/news/details/1168249?lang=kk

Жауап қалдыру