ХАБАРЛАНДЫРУ жоспардан тыс аттестаттау өткізу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Қазақстан Республикасы ІІМ бұйрығының 26 наурыз жылғы №218 «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің жоспардан тыс аттестациялауын өткізу ережелерін бекіту туралы» (бұдан әрі – Ереже) сәйкес жоспардан тыс аттестация өткізілетінін хабарлайды.

Аттестация өткізудің мақсаты – жақын арадағы тоқсанға кадрлық жоспарлау, сондай-ақ жоғары басшылық лауазымдарға ұсынылатын қызметкерлерді анықтау болып табылады.
Қазақстан Республикасы ІІМ бұйрығының 2022 жылғы 29 қыркүйектегі №773 бойынша Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің номенклатурасына жататын лауазымдарды алып жатқан және жоспардан тыс аттестациядан өтуге ниет білдіретін қызметкерлер, осы хабарлама жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің кадрлар жұмысы бөліміне рапорт (белгіленген үлгі бойынша) және «Документолог» жүйесі арқылы құрылған өмірбаянын ұсынады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisastana/press/news/details/1168013?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді