ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: САРЫАҒАШТА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Сарыағаш қаласы аумағында санитариялық тазалық жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде жүргізілуде. Бүгінгі күні де жоспарға сай бірқатар тазалық шаралары атқарылды.

Атап айтқанда, қала көшелерін тазалау, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және шығару, қоғамдық орындардың санитариялық жағдайын ретке келтіру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, республикалық маңызы бар көше бойындағы ағаш қоршауларды жөндеу, сырлау, сондай-ақ егілген жасыл желектерді ретке келтіру және күтіп-баптау жұмыстары атқарылуда.
Жалпы жұмыстарға 30 қызметкер мен 2 арнайы техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар, қаланың көркін арттыру және тұрғындар мен қонақтар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында Қазыбек би ескерткіші аумағына қосымша көше жарық шамдары орнатылды. Жаңа жарықтандыру жүйесі ескерткіш маңындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, кешкі уақытта аумақтың жарықтандырылуын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта да қала аумағында санитариялық тазалықты сақтау және абаттандыру жұмыстары жоспарлы түрде жалғасын табатын болады.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1168240?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді