«Бастау» Республикалық математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
2025 жылғы 20 ақпанда “Е.Бөкетов атындағы мектеп-гимназия” КММ базасында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» Республикалық математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.
Зияткерлік сайысқа ауданның 21 мектебінің 73 оқушысы қатысты. Жас математиктер дайындықтың жоғары деңгейін, логикалық ойлауды және білімге деген ұмтылысты көрсетті.
Олимпиада балалар үшін өз қабілеттерін көрсетуге, тәжірибе алмасуға және жаңа жетістіктерге қадам жасауға тамаша мүмкіндік болды. Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және оқуда одан әрі табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shalakynroo/press/news/details/1167421?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді