🌱 Басқарма Төрағасының орынбасары белсенді оқушылармен жүздесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🌱 Басқарма Төрағасының орынбасары белсенді оқушылармен жүздесті

Атыраудағы NIS-ке “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ басқармасы төрағасының орынбасары Сабыржан Сәдуақасов пен Басқарма төрағасының кеңесшісі Равиль Якупов арнайы ат басын бұрды.

Іс-сапар аясында олар мектеп басшылығымен, ұжымымен, әдістемелік бірлестік өкілдерімен, педагог-ұйымдастырушылармен, ұстаздармен, мектеп бітіруші оқушылармен жүздесіп, мектептегі оқу-тәрбие жұмыстары туралы кең ақпарат алып, ашық кері байланыс білдіріп, өз ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Белсенді оқушылар Басқарма төрағасының орынбасары Сабыржан Сәдуақасовпен кездесті. Анығында, мектептің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері төраға орынбасарымен жүздесіп, өзекті мәселелер мен ауқымды да тың тақырыптарды терең талқылауға мүмкіндік алды.

Келелі кездесу барысында түрлі тақырып қамтылды. Әсіресе, өзін-өзі басқару ұйымының өкілдері мектеп қабырғасында өз бастамаларымен атқарылып жатқан істер легін баяндап, ұсыныс-пікірлерін де жеткізді.

Сабыржан Өміртайұлы оқушыларға қоғамға адал қызмет етудің маңыздылығын түсіндіріп, көкейдегі сан сауалдарына жауап беріп, өз кәсіби тәжірибесі тұрғысындағы кеңесін де берді.

Сондай-ақ, тың бастамаларды көбейтіп, оның дәстүрге айналуын қадағалау керектігін де жеткізді.

Аталған жүздесулер ең бастысы мектеп қызметінің одан әрі жақсарып, оң бағытта жалғасуына зор ықпал етері сөзсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-isatai/press/news/details/966036?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді