
Абай облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» мен «Аягөз ауданы білім бөлімі» ММ оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинетінің математика- информатика пән бірлестігінің жылдық жоспарына сәйкес 2026 жылдың 20 ақпан күні Robotek Grand Tournament чемпионатының «Robotek Дарын» лигасының аудандық кезеңі “№7 жалпы орта білім беретін орта мектебі” КММ базасында өтті.
Чемпионатқа:
- Роботек (2012-2016 т.ж.)
- Инверстік сызық бойымен жарыс (2012-2016 т.ж.)
- Жеткізуші робот (2012-2016 т.ж.)
- Мерген(2008-2011 т.ж.)
- Туды жеткізу (2008-2011 т.ж.)
- Сұрыптаушы робот (2008-2011 т.ж.)
- РобоБаскетбол (2008-2016 т.ж.) жеті санат бойынша 20 команда қатысты. Қорытындысы төмендегідей болды:
Роботек бағыты бойынша «№1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ командасы 1 орын, «Мектеп жанындағы жалпы орта білім беретін №6 мектебі» КММ командасы 2 орын, «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп- гимназиясы» КММ командасы 3 орын алды.
Инверстік сызық бойымен жарыс бойынша «№7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ командасы 1 орын, «С.Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ командасы 2 орын, «Мектеп жанындағы жалпы орта білім беретін №6 мектебі» КММ командасы 3 орын алды.
Жеткізуші робот бағыты бойынша «№1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ командасы 3 орын алды.
Мерген санаты бойынша «№11 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ командасы І орын, «№1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ командасы 2 орын, «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп- гимназиясы» КММ командасы 3 орын алды.
Туды жеткізу бағаты бойынша «К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ командасы 3 орын алды.
Сұрыптаушы робот бағыты бойынша «№7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ командасы 2 орын алды.
РобоБаскетбол бағыты бойынша «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп- гимназиясы» КММ командасы 1 орын, «Мектеп жанындағы жалпы орта білім беретін №6 мектебі» КММ командасы 2 орын алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1167949?lang=kk

Жауап қалдыру