Шығыс Қазақстан облысында Қоғамдық кеңестің жанындағы салалық комитеттің отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 28 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комитеттің кезекті отырысы өтті.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары А.Ашиков, аталған комитеттің жетекшісі А.Мұхтарханов, комитет мүшелері және салалық мемлекеттік органдардың басшылығы қатысты.

Отырыста проблемалық нысандардың құрылысы, туризм саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері, сондай-ақ өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу мәселелері талқыланды.

Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары А.Ашиков өз сөзінде Қоғамдық кеңес пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өзара әрекеттестігі сыбайлас жемқорлықпен күресте және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруда маңызды құралға айналғанын атап өтті. Сонымен қатар, 2024 жылы бірлескен жұмыс нәтижелері туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Жиын барысында Катан-Қарағай ауданы әкімінің орынбасары мен облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары ұзаққа созылған нысандар бойынша, оның ішінде Топқайын ауылында су құбыры желілері мен құрылыстарын қайта жаңарту, сондай-ақ Катон-Қарағай, Марқакөл және Үлкен-Нарын аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің салыну барысын баяндады.

Өз кезегінде, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары туризм саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу мәселесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы Сауда кәсіпкерлері ассоциациясының директоры В.Бердник пен «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма Төрағасы А.Донбаевтың ақпараты тыңдалды.

Отырыс қорытындысымен мемлекеттік органдарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және көрсетілген салаларда бақылауды күшейту бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Департамент пен Қоғамдық кеңестің бірлескен жұмысы жалғасатын болады.

 

 #Заң_мен_тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/966124?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді