
Ойыл ауданы прокуратурасы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жеке сот орындаушыларымен бірігіп «Ашық есік» акциясын өткізіп талапкерлермен борышкерлерді қабылдап, рейдтік іс-шаралар жүргізді.
Акция нәтижесімен алимент бойынша 1 борышкер әкімшілік жауапкерішілікке тартылып, 5 балаға 3 800 000 теңге алимент берешектері өтелді, мемлекет пайдасына 500 000 теңге өндірілді және 6 тұлғаның есепшотынан ақшалары шешілді.
Іс-шараның мақсаты заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту болып табылады, дәл осындай шаралар бұдан әрі жалғасын табады.
Ойыл ауданының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1167778?lang=kk

Жауап қалдыру