
2016 жылдың 14 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Халық Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды, Қазақстанда “Алғыс айту” күні деп жариялау туралы Жарлығына қол қойған болатын.Бүгінгі салтанатты шара Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында ұйымдастырылды.
Шараға Алматы облысының Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық келісім және даму орталығы басшысының орынбасары Тәңірбергенова Айымжан Кәріпжанқызы қатысты.
Қоғамдық келісім және даму орталығы коммуналдық мемлекетік мекемесінің Алғысымен аудан ақсақалдары мен ақ жаулықты аналарды марапаттады.
Аудан әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы аудан халқын құттықтап, Алғыс хаттарын табыстады.
Соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының концертіне ұласты.#рекомендации #рек #кегенауданы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/966144?lang=kk

Жауап қалдыру