
Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев патрульдік полиция полкінің жеке құрамымен жұмыс кездесуін өткізді.
Жиын барысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ қызметті сапалы атқару, азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою және жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды.
Департамент басшысы патрульдік полицияның негізгі міндеті тек бақылау жүргізу емес, сонымен қатар жолдар мен қала көшелеріндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу екенін атап өтті.Профилактикалық жұмыстарды күшейту, тұрғындармен ашық әрі сындарлы диалог орнату және әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігін арттыру – қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудың маңызды тетіктері екені айтылды.
Кездесу қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалып, жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға және азаматтардың полицияға деген сенімін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар жүктелді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1167394?lang=kk

Жауап қалдыру