Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Ойтал ауылдық округінде тұрғындармен жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында мамандар тұрғындарға пеш пен мұржаларды уақытылы тазалау, электр желілерін шамадан тыс жүктемеу, газ жабдықтарын тексеріп отыру және балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін түсіндірді. Сонымен қатар улы газдан уланудың алдын алу шаралары айтылды.
Жауап қалдыру