Өтініштермен жұмыс жүргізу сапасын арттыруға бағытталған оқыту семинары ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 23 ақпанында «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету негізінде Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаменті бастамасымен өтініштермен жұмыс жүргізу сапасын арттыруға бағытталған оқыту семинары ұйымдастырылды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен Қызылорда облысы Әділет департаменті қызметкерлері қатысып, практикалық және әдістемелік көмек көрсетті. Семинар жұмысына сондай-ақ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы, Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы және Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы өкілдері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік органдар қызметкерлерінің азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін жетілдіру, заңнама талаптарын дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру және тәжірибелік білімін арттыру. Семинар барысында өтініштерді қабылдау, тіркеу және қарау рәсімдері, жауап беру мерзімдерін сақтау талаптары, мазмұнды әрі уәжді жауап әзірлеу тәсілдері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, өтініштермен жұмыс істеу кезінде жиі кездесетін кемшіліктер талданып, оларды болдырмау жолдары ұсынылды. Қатысушылар практикалық кейстерді талқылау арқылы өзара тәжірибе алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1167571?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді