Талас ауданында оқушыларға өрт қауіпсіздігі түсіндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Д. Қонаев атындағы орта мектебінде 4-сынып оқушыларына өрт қауіпсіздігі тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында мамандар балаларға өрттің алдын алу шараларын, қауіпсіздік ережелерін сақтау маңыздылығын және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету тәртібін түсіндірді. Профилактикалық кездесу оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталды.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1167159?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді