Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары өңірдің колледждерінің студенттерімен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде 19.02.2026 жылы облыстың қадағалау органы Білім басқармасы мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өкілдерінің қатысуымен өңірдің орта арнаулы білім беру ұйымдарының студенттерімен кең ауқымды кездесу өткізді.

Іс-шара құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастар арасында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында білім алушыларға есірткі заттарын қолданудың зияны, «жасырын салушылардың» кейінгі тағдыры, қылмыстардың жекелеген түрлерін жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық, оның ішінде буллинг үшін жауаптылық туралы тақырыптық бейнероликтерді көрсету арқылы түсіндірілді.

Кездесу соңында студенттер үшін барынша қауіпсіздік мекемелеріндегі сотталғандармен «Тікелей көпір» ұйымдастырылып, онда соңғылары студенттерді  Заңды бұзбауға шақырды.

Мұндай кездесулер жастар арасында құқықтық тәрбиені және құқықтық мәдениетті нығайту үшін тиімді алаң болып табылады.

Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда прокурорлар оқушылармен  кездесулерді жалғастыруда.

                                  Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1168350?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді