
Қоғалы ауылдық округі бойынша әкімшілік маманы, полиция қызметкерлері және ветеринария саласының мамандары бірлесіп, округ аумағында иттерді ұстау қағидалары мен белгіленген тәртіп талаптарын түсіндіру мақсатында халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аталған іс-шара барысында тұрғындарға иттерді қараусыз және бос жіберуге жол берілмейтіні, жануарларды ұстау ережелерін бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылатыны жөнінде түсіндірілді.
Жүргізілген жұмыстар округ аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-kogaly/press/news/details/1168330?lang=kk

Жауап қалдыру