2024 жыл қорытындысы бойынша кеңес

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша кеңес өткізді.

Кеңестің мақсаты – Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарының орындалуын бағалау, сондай-ақ 2025 жылы Басқарманың алдына қойылған міндеттер мен жоспарларды айқындау. Басқарма мамандарымен 2024 жыл 2023 жылмен салыстырғандағы темір жол және әуе көлігі қызметкерлерінің арасында сырқаттанушылық бойынша, сондай-ақ Басқарманың бақылауындағы сумен жабдықтау, тамақтану, әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым, жолаушылар тасымалы және радиациялық объектілердің жай-күйін талдау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, өтініштерді қарау, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру және әкімшілік іс жүргізу жөніндегі жұмыстар бойынша талдау материалдары ұсынылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Басқарманың 2024 жылғы жұмысы қанағаттанарлық деп бағаланып, 2025 жылға арналған міндеттер айқындалды.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/966248?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді