
САРЫП АУРУЫ – адамның және жануардың қауіпті инфекциялық ауруы (барлық ағзаны зақымдайды) мүгедектікке алып келуі мүмкін.
АДАМ САРЫП АУРУЫН:
– ауру малмен (ұсақ және ірі мүйізді мал, шошқа) және итпен жанасу және сою, оның ішінде мал төлдету кезінде;
– ауру малдардың шикі еті мен сүт өнімдерін тұтыну кезінде;
– ауру малдардың жүні мен терісін өңдеу кезінде ЖҰҚТЫРУЫ МҮМКІН.
САРЫП АУРУЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ:
буындардың, арқаның ауыруы, әлсіреу, (ұзақ уақыт) дене қызуының көтерілуі, тершеңдік, әлсіздік, тәбеттің болмауы, салмақ жоғалту.
АЛДЫН АЛУДЫҢ НЕГІЗГІ ШАРАЛАРЫ:
– малдарды сарып ауруына тексеріңіз, малдың ауруы және төл тастауы туралы ветеринариялық дәрігерге хабарлаңыз,
– малды сою және мал төлдету кезінде жеке бас гигиенасы қағидаларын сақтаңыз, арнайы киім киіңіз;
-мал төлдету кезеңіне балалардың, жасөспірімдердің, жүкті әйелдерді қатыстырмаңыз;
– рұқсат етілмеген сауда орындарынан ет және сүт өнімдерін сатып алмаңыз.
ӨЗІҢІЗДІ ЖӘНЕ ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗДЫ ҚОРҒАҢЫЗ!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-akkuly/press/news/details/1167373?lang=kk

Жауап қалдыру