
Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкерді жазатайым оқиғалардан (ЖОМС) міндетті сақтандыру жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде бекітілген міндеті болып табылады (23-бап).
2025 жылы облыстың 5 360 белсенді кәсіпорнының (мемлекеттік ұйымдарды қоспағанда) 5 221 немесе 97,4% еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарын жасасты.
Департамент сақтандыру шарттарын жасасу мәселелері бойынша тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады. 2026 жылғы ақпан айында 50 сақтандыру шарты жасалды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1168404?lang=kk

Жауап қалдыру