ХАН ОРДАСЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ҚОЛДАЙДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудандық коалиция мүшелері ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.

Аудандық коалиция мүшелері Л.Қайырғалиева, Н.Сабиров және Ж.Ташуов Хан Ордасы ауылының тұрғындарымен кездесу өткізіп, Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасы және алдағы референдум мәселелері бойынша кеңінен ақпарат берді.

Кездесудің негізгі мақсаты – Конституцияға енгізілген өзгерістердің мәні мен маңызын түсіндіру, олардың ел дамуына қосар үлесін жеткізу болды.

Жиын барысында конституциялық реформалардың басты бағыттары, олардың қоғам мен мемлекет дамуына әсері, сондай-ақ референдумға қатысудың маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді. Тұрғындар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің Ата Заңы. Сондықтан оның жаңа жобасы бойынша әрбір азаматтың хабардар болуы және референдумға белсенді қатысуы – маңызды азаматтық жауапкершілік.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bokeyorda-maslihat/press/news/details/1168391?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді