
Аудан әкімі Бақытжан Мұқанов мердігер ұйымдармен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстарды талқылап өтті.
Кездесудің негізгі сұрақтары Нұра кентіндегі жолдар ағымдағы жөндеу жұмыстары, өнер үйінің құрылысы мен Байтуған ауылындағы мәдениет үйін жөндеу жұмыстары қарастырылды. Кездесудің мақсаты – жобалардың орындалу барысын талқылау, туындаған мәселелерді шешу және жұмыстың сапасын қамтамасыз ету.
Кездесу барысында аудан әкімі мердігерлердің жұмыс жоспарларымен танысты. Әрбір жоба бойынша егжей-тегжейлі талқылау жүргізіліп, мердігерлердің жұмысындағы қиындықтар мен кедергілер анықталды. Барлық мәселелер мұқият тыңдалып, оларды шешу жолдары ұсынылды.
Аудан басшысы мердігерлерге жұмыстың сапасына ерекше назар аударуды тапсырып, барлық жобалардың белгіленген мерзімде аяқталуын талап етті. Сонымен қатар, жұмыстарды жүргізер кезде жергілікті тұрғындардың пікірлерін ескеруге шақырды.
Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады және аудан басшылығының қатаң бақылауында болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/966290?lang=kk

Жауап қалдыру