Зауыт жұмысшылары жаңа Конституция жобасына қатысты өз ұстанымдарын білдірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

№1 индустриялық парк аумағында орналасқан «LED Solutions», «Astana Ютария», «STAHLBAU», «Digital System Servis» және MetalFormer зауыттарының жұмысшылары жаңа Конституция жобасына қатысты өз көзқарастарын білдірді.

Олар күн сайын адал еңбек етіп, ел экономикасының дамуына өз үлестерін қосып келе жатқанын атап өтті. Өндірістегі тұрақтылық пен технологиялық жаңғыру елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратынын жеткізді.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы – еліміздің болашағына бағытталған маңызды құжат. Құжатта адам құқықтарын қорғау, заң үстемдігін нығайту, кәсіпкерлікті қолдау және мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға бағытталған нормалар қамтылған. Жұмысшылардың айтуынша, бұл өзгерістер өндіріс саласының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және экономиканың тұрақты өсуіне негіз болады.

Зауыт ұжымдары жаңа Конституция елдің ұзақ мерзімді дамуы мен қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал ететініне сенім білдіріп, еліміздің өркендеуі мен нығаюын қолдайтындарын жеткізді.

https://www.instagram.com/p/DVBNe0xjORX/?hl=ru

https://www.instagram.com/p/DVBMAADjMTV/?hl=ru

https://www.instagram.com/p/DU3Z_FGjFXR/?hl=ru

https://www.instagram.com/p/DU-kvAyjcxr/?hl=ru

https://www.instagram.com/p/DVD1eMgDYAm/?hl=ru

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1167616?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді