2026 жылғы 20 ақпанда техникалық оқу жүйесі шеңберінде кезекті оқу сабағы өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

        2026 жылғы 20 ақпанда техникалық оқу жүйесі шеңберінде кезекті оқу сабағы өткізілді.

        Сабаққа Тексеру комиссиясының мүшелері, аппарат басшысы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

        Басты инспектор – мемлекеттік аудитор Есей Н. «Киберқауіпсіздік» тақырыбында баяндама жасап, тыңдаушылар назарына ұсынды. Баяндама барысында мемлекеттік қызметтер көрсету, қаржылық операциялар жүргізу және құжат айналымы электрондық форматта жүзеге асырылатын қазіргі цифрлық қоғам жағдайында ақпаратты қорғау мәселелері ерекше маңызға ие екендігі атап өтілді.

        Тыңдаушыларға ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің практикалық мәселелері жан-жақты түсіндірілді, атап айтқанда: құжаттарды құпиясөзбен қорғау, қол жеткізу құқықтарын шектеу, сыртқы тасымалдағыштармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік талаптары, электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану тәртібі.

        Талқылау барысында тыңдаушыларға ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру әрбір қызметкердің міндеті екендігі ескертіліп, цифрлық ортадағы қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтау деректердің бұзылуы немесе жойылуы тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

        Сондай-ақ Тексеру комиссиясы аппаратының басшысы Кенжебаев А.М. сөз сөйлеп, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін, еңбек және атқарушылық тәртіпті қатаң сақтау қажеттігін еске салды.

        Сабақ соңында тыңдаушылар арасында пікір алмасу өткізілді.

       

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akmol-revkom/press/news/details/1167611?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді