
2026 жылғы 23 ақпанда Ақмола облысы Әділет департаментінің басшысының орынбасары және орындаушылардың қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы Ақмола облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдерінің қатысуымен Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты өткізген «Медиацияны әкімшілік сот ісін жүргізуде қолдау» тақырыбындағы дөнгелек үстелге қатысты.
Дөнгелек үстел барысында сот орындаушыларға қатысты атқарушылық іс жүргізу тараптарының талап арыздарын қарау кезінде медияцианы қолдау мәселелері қаралды.
Дөнгелек үстел қорытындысы бойынша сот орындаушылардың атқарушылық іс жүргізу шеңберінде атқарушылық құжат талаптарын орындалуын қатамасыз ету шараларын толықтылығын қамтамасыз ету қажеттілігі туралы тапсырма берілді.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akm/press/news/details/1168406?lang=kk

Жауап қалдыру