Бүгін экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның көшпелі отырысы болып өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Күн тәртібінде «Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорыны» ЖШС желілерінің жұмысы және техникалық жағдайы туралы мәселе қаралып, кәсіпорын директоры Е.Тоқымбаевтың есебі тыңдалды.  Кәсіпорын Сәтбаев қаласын жылумен және сумен үздіксіз қамтамасыз ету, сондай-ақ сарқынды суларды бұру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Қаланың инженерлік желілерінің жалпы ұзындығы 766,7 шақырымды құрайды. Желілердің тозу деңгейі: жылу желілері – 54,64%, су құбыры – 74%, кәріз желілері – 85%. 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысында 50,3 шақырым инженерлік желі жөнделді. Ал 2026–2027 жылдарға 63,2 шақырым желіні жаңғырту жоспарланып отыр. Сонымен қатар инвестициялық бағдарлама аясында кәсіпорынның арнайы техника паркі жаңартылды, бұл қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Тұрақты комиссия мүшелері коммуналдық инфрақұрылымды жаңарту және тұрғындарды сапалы қызметпен қамтамасыз ету мәселелері тұрақты бақылауда болатынын атап өтті. Отырысқа қала комуналдық сала бойынша әкімінің орынбасары А.Сыздыманов, жауапты бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-satpaev/press/news/details/1168373?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді