
Медициналық қалдықтарды жинау, залалсыздандыру, сақтау және денсаулық сақтау объектілерінен шығару денсаулық сақтау объектісінің басшысы бекіткен қалдықтармен жұмыс істеу бағдарламасына сәйкес орындалады, ол:
– сыныптары бойынша пайда болатын қалдықтардың құрамын;
– медициналық қалдықтарды жинау тәртібін;
– қалдықтарды зарарсыздандырудың (залалсыздандырудың) және жоюдың қоданылатын тәсілдерін;
– қалдықтармен жұмыс істеу схемасын;
– персоналды қалдықтармен жұмыс істеу кезінде эпидемиялық қауіпсіздік қағидаларына гигиеналық оқытуды көздейді.
Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін ұйымдастыру мақсатында денсаулық сақтау объектісі басшысының бұйрығымен жауапты тұлға тағайындалады. Қалдықтарды жинау үшін бір рет қолданылатын, су өткізбейтін қаптар, пакеттер, металл және пластик сыйымдылықтар, жинауға және қауіпсіз кәдеге жаратуға арналған контейнерлер пайдаланылады.
Қауіпті қалдықтарды жинауға арналған металл және пластик сыйымдылықтар, контейнерлер тығыз жабылады. «Б» сыныбының патологиялық-анатомиялық және органикалық операциялық медициналық қалдықтары (ағзалар, тіндер және тағы басқалар) кремациялануға (өртелуге) немесе зиратта арнайы бөлінген учаскеде көмілуге жатады. Инфекциялық аурулармен ауырған науқастардың қалдықтарын қоспағанда, мұндай медициналық қалдықтарды алдын ала залалсыздандыру талап етілмейді.
«В» сыныбының медициналық қалдықтары денсаулық сақтау объектісінде физикалық немесе химиялық әдістермен міндетті залалсыздандыруға жатады. «В» сыныбының залалсыздандырылмаған медициналық қалдықтарын ұйымның аумағынан тыс жерлерге шығаруға жол берілмейді.
Сұйық биологиялық медициналық қалдықтар химиялық әдістермен залалсыздандырылғаннан (дезинфекциялаудан) кейін су бұру жүйесіне төгіледі. «Б», «В», «Г» сыныптарының медициналық қалдықтарын сақтау үшін стационарлық көмек және қуаты ауысымына 50-ден астам адамды қабылдайтын амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінде механикалық іске қосылатын сыртқа тарту желдеткішпен, биологиялық қалдықтарды (бар болған жағдайда) сақтауға арналған тоңазыту жабдығымен, стеллаждармен, таразылармен, медициналық қалдықтары бар пакеттерді жинауға арналған контейнерлермен, ыстық және суық су өткізілген раковинамен, ауаны зарарсыздандыруға арналған қондырғылармен, қолға арналған антисептиктермен жабдықталған жеке үй-жай бөлме бөлінеді.
Қуаты ауысымына 50 және одан аз адамды қабылдайтын амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінде биологиялық қалдықтарды (бар болған жағдайда) сақтауға арналған тоңазыту жабдығымен және қолға арналған антисептиктермен жабдықталған қосалқы үй-жайларда медициналық қалдықтарды сақтауға жол беріледі.
Тамақ қалдықтарын, «Б» сыныбының залалсыздандырылған медициналық қалдықтарын жиырма төрт сағаттан артық сақтау тоңазытқыштарда және мұздату камераларында жүзеге асырылады, бірақ үш тәуліктен асырмайды. Жиналған медициналық қалдықтар қаптың саңылауын тартып буу арқылы бүтіндігіне зақым келтірілмей пакеттерде герметикалық қаптамаланады. Жинақталуына қарай шығарылады және мамандандырылған ұйымдармен кәдеге жаратылады. Медициналық қалдықтар шығарылғаннан кейін медициналық қалдықтарды жинауға арналған үй-жай, пайдаланылған мүкәммал және жабдық дезинфекцияланады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1168449?lang=kk

Жауап қалдыру