«HELLO, Барселона!» комедиясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті  Жетісу облысының тұрғындары мен қала қонақтары, сіздерді 27 ақпан күні  сағат 19.00-де  Бикен  Римова атындағы Академиялық драма театрында Рэй Кунидың «Hello, Барселона!» комедиясын көруге шақырамыз!   

Қойылымды аударған: Әлібек Байбол. Режиссер: Ұлан Ахметов. Сценограф:  ҚР «Серпер»жастар сыйлығының лауреаты Қарлығаш Шалабаева. Балетмейстер: Айжан Құнанбаева. Музыкамен өңдеуші: Арнай Азанбаев. 

Рэй Кунидің «Hello, Барселона» комедиясы – күлкі мен күтпеген жағдайларға  толы,  өткір  әзілге құрылған заманауи сахналық шығарма. Пьесада қарапайым адам өміріне аяқ астынан келген қомақты ақша себеп болған сан алуан түсінбеушіліктер мен күлкілі оқиғалар бейнеленеді.

«Әзәзіл ақша» – адам ашкөздігі мен ақшаға деген тәуелділікті әжуалай отырып, шынайы құндылықтардың не екенін ойлантатын шығарма. Комедия көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, күлкі арқылы қоғамдағы кейбір келеңсіз құбылыстарды әшкерелейді.  

Билеттерді Ticketon.kz сайтында және театрдың кассасынан (+7 747 068 5460) ала аласыздар! Театрда кездескенше, құрметті көрермен!  

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1168445?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді