
Ағымдағы жылдың 20 ақпанында Казталов ауданында мәдениет саласындағы кадрлық қамтамасыз ету мәселелері бойынша Zoom қосымшасы арқылы кеңес өтті.
Кеңеске Казталов ауданы әкімінің орынбасары С.Е.Кайрлиев төрағалық етті. Іс-шараға мемлекеттік еңбек инспекторы А.Ж.Батыров, Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Л.О.Лұқбанова, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы А.Т.Батырханов, сондай-ақ мәдениет саласының қызметкерлері қатысты. Кеңеске барлығы 10 адам қатысты.
Кездесу барысында Казталов ауданының мәдениет саласындағы еңбек қатынастарына қатысты практикалық мәселелер қаралды. Мемлекеттік еңбек инспекторы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негізгі талаптарын түсіндіріп, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің құқықтары мен міндеттеріне жан-жақты тоқталды.
Сонымен қатар кеңеске қатысушыларға өздерін толғандыратын сұрақтарды қою мүмкіндігі берілді. Түскен барлық сұрақтар бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы тарапынан түсіндірме жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-enbek/press/news/details/1167485?lang=kk

Жауап қалдыру