
Бүгін Сарыкемер мектеп-гимназиясының ұжымымен маңызды кездесу өтті. Жиынның негізгі мақсаты – еліміздің бас құжатына енгізілетін өзгерістерді таныстыру және мұғалімдер қауымын 15 наурызда өтетін республикалық референдумға белсенді қатысуға шақыру.
Кездесу барысында спикерлер қоғам дамыған сайын жаңа ұғымдар мен құндылықтардың қалыптасуы заңды құбылыс екенін атап өтті. Бұл өзгерістердің барлығы Конституцияда көрініс табуы тиіс.
«Әсіресе ақпараттық технологиялар саласындағы азаматтардың құқықтары мен өзара қатынастары жаңа жобада нақты көрсетіліп отыр. Бұл – Конституцияның қазіргі заман талабына сай, болашақты бағдарлай отырып әзірленгенін білдіреді», – деді кездесу модераторы.
Мектеп-гимназия ұстаздары бұл реформаларды оң қабылдады. Педагогтар қауымы ел ертеңі үшін маңызды шешім қабылданатын сәтте бейжай қалмайтындарын, 15 наурызда өз таңдауларын жасайтындарын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1167454?lang=kk

Жауап қалдыру