
Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қаладағы колледж студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында жастарға ұйымдасқан қылмыстың алдын алу, бопсалау, алаяқтық және интернет кеңістігіндегі қауіптер туралы кеңінен түсіндірілді. Әсіресе, жеңіл табысқа қызығудың, күмәнді ұсыныстарға сенудің соңы қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екені айтылды.
Іс-шара ашық форматта өтіп, студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты мысалдар арқылы құқықтық кеңес алды. Қызметкерлер өмірлік жағдайлардан алынған оқиғаларды баяндап, заң талаптарын қарапайым тілмен жеткізді.
Мақсат – жастарды қылмыстық ортадан аулақ ұстап, құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыру.
Полиция қоғаммен әріптестік байланыс орнатып, жас ұрпақтың саналы таңдау жасауына қолдау көрсетуді жалғастырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1168485?lang=kk

Жауап қалдыру