
2026 жылғы 24 ақпанда Қостанай аудандық мәслихатында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай ауданы әкімдігінің «Затобол жылу энергетикалық компаниясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын мүліктік кешен ретінде жекешелендіру мәселесі бойынша көпшіліктік тыңдаулар өтті.
Тыңдау жұмысына Қостанай аудандық мәслихатының төрағасы М.К. Сартов, Қостанай ауданы әкімінің орынбасары Б.К. Сейдахметов, аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы И.Б. Хамзина, Қостанай облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаменті басшысының орынбасары И.Е. Елемисов, Қостанай ауданы бойынша кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Г.А. Кукоба, аудандық мәслихатының депутаттары, ауданның Қоғамдық кеңесінің мүшелері, аудан тұрғындары.
Бұған дейін аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының қаулысымен бір ай ішінде «Затобол жылу энергетикалық компаниясы» кәсіпорнының жұмысын егжей-тегжейлі зерделеп, бәсекелестік ортаға беруге қатысты барлық аспектілер қаралған жұмыс тобы құрылған болатын.
Көпшіліктік тыңдау барысында уәкілетті органдар өкілдерінің баяндамалары мен ұстанымдары, қатысушылардың жекешелендірудің мән-жайлары мен салдарына қатысты пікірлері тыңдалды. Көпшіліктік тыңдау қорытындысы бойынша қатысушылар Қостанай ауданы әкімдігінің «Затобол жылу энергетикалық компаниясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын жекешелендірудің орынсыздығы туралы ортақ пікірге келді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kostanay-reg/press/news/details/1168474?lang=kk

Жауап қалдыру