ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

2026 жылғы 15 наурызда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшілігі ғимаратында орналасқан №442 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша республикалық референдум өтеді.

Егер Сіз Қазақстан Республикасының азаматы, дауыс беру күні 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие болсаңыз, Сіздің Республикалық референдумға қатысуға заңды құқығыңыз бар.

Дауыс беруге қатысуға конституциялық құқықты іске асырудың кепілі ретінде Сізді Референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізіміне енгізу болып табылады.

Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы №442 сайлау учаскесіндегі дауыс берушілер тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Сіздерді дауыс берушілер тізіміне енгізу үшін Иордания аумағындағы Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз деректерін (аты-жөні, туған күні, ЖСН, тұрғылықты мекенжайы, байланыс деректері, электрондық поштасы) r.zhumatov@mfa.kz электрондық поштасына «Республикалық референдум» белгісімен алдын ала жіберуі қажет.

Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда №442 учаскесінің төмендегі телефон нөміріне хабарласуды сұраймыз: +962 777688885.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-amman/press/news/details/1168505?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді