
18 ақпанда балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберіндегі пилоттық жобаның іске асырылуы бойынша мониторингтік комиссияның кезекті шығуы жүзеге асырылды.
Шахтинск қаласынан комиссия құрамына Шахтинск қалалық мәслихатының депутаты Н.А. Наумова, Шахтинск қаласы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы А.И. Минлибаев, Шахтинск қаласы білім бөлімінің әдіскері С.С. Сагадиева кірді.
Негізгі мақсаты: жаңа әлеуетті өнім берушілердің жобаға қатысу талаптарына сәйкестігін тексеру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/1167410?lang=kk

Жауап қалдыру