
Аталған бастаманы жүзеге асыру туристік инфрақұрылымды дамыту, қызмет көрсету сапасын арттыру және өңірде бірыңғай туристік навигация желісін қалыптастыру жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.
Визит-орталықтарды құру облыс қонақтары мен тұрғындарын туристік маршруттар, орналастыру нысандары, мәдени іс-шаралар және көрікті жерлер туралы өзекті ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Кеңес барысында негізгі міндеттер айқындалды:
• визит-орталықтарды орналастыру үшін басым локацияларды айқындау;
• форматтарын келісу (модульдік, стационарлық, gateway-формат);
• нормативтік және мүліктік сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
• қаржыландыру көздерін пысықтау;
• жұмыс пен брендтеудің бірыңғай стандарттарын қалыптастыру;
• 2026 жылы пилоттық нысандарды іске қосу.
Бұл бағыттағы жұмыс мүдделі мемлекеттік органдармен және серіктестермен тығыз өзара іс-қимыл аясында жалғасатын болады. Негізгі мақсат — Қарағанды облысының әлеуетіне сай заманауи, қолайлы және қолжетімді туристік орта қалыптастыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-kasipkerlik/press/news/details/1168541?lang=kk

Жауап қалдыру