
«Заң және тәртіп» идеологиясы аясында Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қызметкерлерімен жұмыс кездесуі өтті.
Іс-шараға Жамбыл облысы әкімінің әдеп жөніндегі уәкілі, департамент маманы, мемлекеттік кірістер органдарының өкілі және дін істері жөніндегі маман қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, ішкі бақылауды жетілдіру және мемлекеттік ақпарат пен қоғамдық даму саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету тетіктерін енгізу жөніндегі шараларды талқылау болды.
Кездесу барысында мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығы және қоғаммен белсенді өзара іс-қимыл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте аса маңызды құрал болып табылатыны атап өтілді. Кездесу барысында Мемлекеттік бағдарламалар мен іс-шараларды іске асырудың ашықтығының жеткіліксіздігімен, азаматтардың өтініштерімен жұмыстың тиімділігінің төмендігімен және мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық бақылаудың шектеулі мүмкіндіктерімен байланысты өзекті мәселелер қозғалды. Сондай-ақ, жалған ақпарат пен қоғамдық пікірді манипуляциялау қаупі, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық көріністерін анықтау және бюджет қаражатын жосықсыз пайдалануды болдырмау үшін мемлекеттік органдардың жұмысын мониторингтеу мен бағалаудың тиімді тетіктерін енгізу қажеттігі атап өтілді.
Қатысушылар ресми ақпарат берудегі ашықтық пен жеделдік сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша ақпараттық саясат саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту, қоғамдық бақылау тетіктерін енгізу, мемлекеттік процестердің ашықтығын арттыру үшін цифрлық шешімдерді кеңейту, сондай-ақ азаматтардың өтініштеріне ден қою жүйесін жетілдіру бойынша ұсынымдар айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhambyl/press/news/details/966503?lang=kk

Жауап қалдыру