
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілдің жанындағы Сараптамалық кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сай Сараптамалық кеңестің Тараз қаласының білім бөлімінің Ә.Бөкейханов атындағы № 1 гимназиясымен бірлескен отырысында «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында «Бала тәрбиесіндегі Әкенің ролі: бүгіні мен болашағы туралы» іс шара өткізілді.
Ә.Бөкейханов атындағы № 1 гимназиясымен ұйымдастырылған іс шараға ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Қуанышев Еркін, Сараптамалық кеңес мүшелері, Тараз қаласы білім бөлімінің қызметкерлері, Ә.Бөкейханов атындағы № 1 гимназия ұжымы мен оқушылардың ата-аналары қатысты.
Ашылу сөзін Жамбыл облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Б.Солтыбаев сөйледі. ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Қуанышев Еркін, Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Д.В.Кемелхан, Жамбыл облыстық әкелер кеңесінің төрағасы С.Б.Мыңбаев, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің аға оқытушысы Б.Т.Әлмұратов баяндама жасады.
Сараптамалық кеңес қорытындысы бойынша ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Е.Қуанышевтің және басқа да баяндамшылардың кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері туралы баяндамалары назарға алынды.
Жамбыл облысы аумағындағы кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың профилактикасына және қалпына келтіруге бағытталған шараларға қатысты, сонымен қатар ата-аналар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу туралы облыстық білім басқармасына ұсыным енгізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-zhambyl-oblysy/press/news/details/1168747?lang=kk

Жауап қалдыру