ШҚО жас биатлоншыларының жеңісі: ҚР Кубогынан Норвегияға жолдамаға дейін

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 14–17 ақпан аралығында Қостанай қаласында биатлоннан «Grand Tour Biathlon» Қазақстан Республикасы Кубогының II кезеңі аяқталды. ШҚО қысқы спорт түрлері бойынша облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің спортшылары мергендік пен жылдамдық танытып, үздіктер қатарынан көрінді.

Жарыстың басты жаңалығы — Федор Карпачевтің айрықша жетістігі. Екі қысқы турдың қорытындысы бойынша Федор еліміздің ең үздік 4 спортшысының қатарына еніп, Норвегияда өтетін халықаралық Liatoppen Festival 🇳🇴 додасына іріктелді.

Команда қоржынындағы өзге де жүлделер:

  • Алтын: Рамиль Сарсембаев (спринт), Федор Карпачев және Максим Рыльский («Достық» эстафетасы).

  • Күміс: Федор Карпачев пен Виктория Романцова (спринт), Евгений Мальцев, Изабелла Селезнева және Максим Старцев (эстафета).

  • Қола: Давид Сподин (спринт және жеке жарыс).

Спортшыларымызды және жаттықтырушылар құрамын лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1169044?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді