
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Группа Роботек» компаниясымен бірлесіп, 2025 жылғы 31 наурызда Риддер қаласында «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясы базасында робототехника бойынша іріктеу турнирін өткізді. Турнир үш санат бойынша өтті: Роботек, Инверсиялық сызық бойымен жарыс және Робот-жеткізуші. Іс-шараның мақсаты – заманауи технологияларды меңгеру үшін жағдай жасау, инженерия, IT және инновациялық технологияларға қызығушылықты арттыру, оқушылардың техникалық шығармашылығын дамыту, олардың роботтарды бағдарламалау және жобалау дағдыларын бағалау және жетілдіру, сондай-ақ мұғалімдердің біліктілігін арттыру және білім беруге заманауи әдістерді енгізу.
Турнир «Озық Ұрпақ» білім беру жобасы аясында өткізілді. Бұл жоба бойынша Риддер қаласындағы 8 мектепте робототехника үйірмелері ашылып, мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетілді.
Турнирге 7 жастан 17 жасқа дейінгі 31 оқушы қатысты.
Бағалау нәтижелері бойынша эксперттік қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар атанды:
I орын – Мұратбек Баян, Свахина Милана, «№2 орта мектеп» КММ оқушылары;
II орын – Усов Руслан, Баталов Богдан, «№10 орта мектеп» КММ оқушылары.
«Инверсиялық сызық бойымен жарыс» санаты бойынша:
I орын – Дидиченко Артём, Дидиченко Оксана, «№10 орта мектеп» КММ оқушылары;
II орын – Борзенкова Ева, Засыпкина Елена, «№2 орта мектеп» КММ оқушылары.
«Робот-жеткізуші» санаты бойынша:
I орын – Туғазы Заңғар, Қуанышұлы Абдрахман, «№16 орта мектеп» КММ оқушылары.
Турнир жеңімпаздары І, ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Робототехника бойынша іріктеу турнирінің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.
«Қазцинк» мектеп оқушыларын робототехникаға үйрету бойынша білім беру жобасы аясында турнирге демеушілік жасап, оның сәтті жүзеге асырылуын қамтамасыз етті.
І дәрежелі диплом иегерлері мамыр айында Астана қаласында өтетін Республикалық халықаралық «Robotek Grand Tournament 2025» чемпионатына қатысады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/966630?lang=kk

Жауап қалдыру